Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Қазақ ою-өрнегінің өмірі» көрмесі

Наурыз мерекесіне арналған «Қазақ ою-өрнегінің өмірі» көрменің ашылуы республикалық мереке тұжырымдамасы аясында тарих күніне орайластырылған.

Көрменің алғашқы қонақтары Лисаковск іскер әйелдер клубының өкілдері болды. Ашылудың тамаша мерекелік сыйлығы - Қалалық мәдениет және спорт орталығының қызметкері Мейрамбек Кенжебаевтың әні.

«Қазақ ою-өрнегінің өмірі» көрмесінде жетпістен астам экспонат ұсынылған, олардың барлығы Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайының қорынан.

Көрменің басты мақсаты – зергерлік әшекейлер, киіз және тоқылған кілемдер, киім, бас киімдер және салттық атрибуттар сияқты түрлі заттарда ою-өрнектің қалай өмір сүретінін көрсету. Арнайы дайындалған баннерлер қазақ ою-өрнегінің түрлері мен оның мағынасы туралы әңгімелейді.

Көрме экспозициясында орталық орынға ХХ ғасырдың соңында Өзбекстанда (облыс – Науан, аудан – Кенеме, Үштөбе ауылы) қыпшақ руынан Жанымгүл Жалмұратованың жасаған киіз кілемі ие. Кілем зооморфты ою – өрнегімен безендірілген. Қой мүйізі түріндегі былғары торсықты Қостанай облысында танымал қолданбалы және бейнелеу өнерінің шебері Айдын Мәлікұлы Диханбаев жасаған.

Гүлді және зооморфты мотивтерді зергерлік бұйымдардан көруге болады. Мұражайға құс тұмсығы түріндегі "Құсмұрын" сақиналарын Лисаков қаласының тұрғыны Зинураш Сұлтанқызы Сейітова тапсырған.

          Көрмеде бүгін жасалған қазақтың ою-өрнектерімен безендірілген өнімдер ұсынылған. Оларды лисаковтық шебер Алдабергенова Дәмелі жасаған. Ол 1939 жылы Торғай облысында дүниеге келген. Он бес жасында анасы оған тігуді үйретті. Дәмелі қолмен тігу машинасында, ұсақ-түйек заттармен тігуді бастады, содан кейін өзіне көйлек тікті. Кейінірек ол аяқ киім тігетін машина алды. 1968 жылдан бастап ол тұрмыстық комбинатында жұмыс істей бастады, онда 27 жыл жұмыс істеді, тапсырыс бойынша көрпе, қоржын, табақ астына қойғыштар, шабадандар тігеді. Алдабергенова Дәмелі бүгінде ұлттық нақышта түрлі бұйымдар тігеді, оның ішінде дәстүрлі «құрақ» техникасында көрпе, негізінен ашық түсті пүліш матаны қолданады. Дәмелі апай сияқты қолөнер шеберлерінің арқасында қазақтың ою-өрнегі бүгінгі күнге дейін сақталып келеді.

«Қазақ ою-өрнегінің өмірі» көрмесі 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады. Көрме бойынша балаларға экскурсия мен сабақ арнайы жасалған. Оған жеке де, топпен де қатысуға болады. Мұражайға кіру тегін, келудің басты шарты – бет перде режимі. Экскурсияға өтінімдер 38926 телефоны бойынша қабылданады.